Тәуелсіздік – өркендеу мен гүлдену жолы

Алматы облысының әкімі Серік Әбікенұлы Үмбетовтің облыс тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
Аса құрметті Алматы облысының тұрғындары!
Сіздерді Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік – біздің еліміз үшін қастерлі мереке. 1991 жылғы 16 желтоқсанда еліміздің тарихында үлкен бетбұрыстарға жол ашқан «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы қабылданып, халқымыздың көптен күткен арманына қолы жетті.
Содан бері даму бағытымыз азаматтық ұстанымды нығайтып, демократиялық үрдістерді жеделдетіп, саяси тұрғыда және экономикада жаңа белестерге бастады. Қоғамда өзара түсіністік пен бірліктің, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі қалпы сақталып келеді. Осылайша, Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, әлемдік қауымдастықтағы өз орнын тауып, халықаралық аренадағы беделі күн сайын артуда.
Жақында ғана Мадридте өткен жиында Қазақстан әлемдегі беделді және ықпалды ұйымдардың бірі - Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) 2010 жылғы төрағалығына сайланды.
Толымды табыстарға қол жеткізуімізге «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасының мінсіз орындалуы, саяси-экономикалық, әлеуметтік саладағы реформалардың байыпты жүргізілуінің нәтижесінде қол жеткізілгенін әлем жұртшылығы мойындауда.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев республикамыздың әлемдегі ең дамыған, әрі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарынан көрінуі үшін барлық алғышарттар мен мүмкіндіктер қолға алынып, жақсы үрдістер өмірге келуде. Осы орайда экономиканың дамуындағы негізгі локомотиві болуға тиісті «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» анықталып, еліміздің индустриалдық-инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарлама өмірге келді.
Еліміздің өркендеуіне Алматы облысының тұрғындары да өз үлестерін қосуда. Облыс азаматтарының ерен еңбектері нәтижесінде өңірде экономиканың барлық бағыттары қарқынды дамып, әр саладағы жаңашыл бастамалар жедел қолға алынуда. Ол шағын және орта бизнес саласына да қатысты. Бұл – бюджеттің тұрақты өсуіне мүмкіндік беріп, нәтижесінде денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт сынды өмірлік маңызы бар салаларды қаржыландыру айтарлықтай өсіп, халыққа көрсетілетін қызмет түрлері жақсаруда. Халықты әлеуметтік тұрғыда қолдауға да баса назар аударылуда.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, таусылмас бақыт, бірлік пен ынтымақ тілеймін! Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан әрдайым гүлденіп, көкбайрағымыз биікте желбірей берсін.

Рекомендуем

Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет
Не понял о чем идет речь


Результаты
Другие опросы

Всего голосов: 69


Случайные фото

Без названияАкимат области, г.ТалдыкорганБез названияБез названия

Парнеры