Желтоқсандықтарға арналған құрмет

Облыс әкімі Серік Үмбетов Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында 1986 жылдың ақ қар, көк мұзында өктемдік саясатқа қарсылық білдірген жетісулық қаһармандармен жүздесті.
-Мен сіздерді осынау қасиетті мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Біздің бүгінгі жеткен биігіміздің бастауында тұрған алғашқы қарлығаштар өздеріңсіздер. Сондықтан әрдайым сол жігерлеріңізді жалындатып, туған еліміздің түтіні түзу ұшуы үшін қызмет ете беріңіздір. Өздеріңізге мәлім, күні кеше ғана біздің еліміздің 2010 жылы әлемдегі ең беделді ұйымның бірі – Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі туралы мәселе оң шешімін тапты. Мұнда Елбасының атқарған рөлі аса зор. Сонымен бірге осындай биіктерде сіздердің де үлестеріңіз бар екендігін баса айтқым келеді. Амандық болса, келер жылы облысымызда тұратын желтоқсаншыларға арнап кітап шығарсақ деген ойымыз бар. Бұл өмірде барлығы өтіп кетеді, ал, кітап мәңгіге қалады. Онда өздеріңнің естеліктерің, өмірдеректерің қамтылады, - деді Серік Әбікенұлы.

Кездесуде желтоқсаншылар атынан Ғания Чукаева, Ерлан Байсымбеков және Арман Рахметұлы сөз сөйледі.

Смотрите также связанные новости

13.09.2010 - Неутомимый Биебай
11.09.2010 - Новый учебный год - в новых зданиях
04.12.2007 - Жетісулықтардың жеңісі

Рекомендуем

Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет
Не понял о чем идет речь


Результаты
Другие опросы

Всего голосов: 69


Случайные фото

Без названияИнтелектуальная школа им.НазарбаеваМавзолей Каблиса жырауБез названия

Парнеры