Жетісулықтардың жеңісі

Өткен аптада Астана қаласында өткен ІY Республикалық «Елім менің» патриоттық әндер конкурсына біздің өлкеден де үміткерлер қатысып, жас ұрпақты ұлттық рухани құндылықтарға тәрбиелеу, отандық композиторлар мен ақындардың шығармашылығын қолдау мақсатында төртінші рет өткізіліп отырған байқауда жетісулық ақын, композиторлар үлкен табыстармен оралды.
Атап айтқанда, «Ән сал, сарбаз» номинациясы бойынша облыстық филармонияның музыкалық бас редакторы, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Төлеужан Ғұмаров «Алға, жас ұлан» әнімен бірінші жүлдені жеңіп алды. Бұл байқауда Төлеужан әнін де, сөзін де өзі шығарып,оны өзі орындаумен де ерекшеленді.

Осы конкурста Әміре Әріннің сөзіне жазылған Әли Алпысбайдың «Сарбаз әні», Данияр Құрамысовтың «Шапырашты Наурызбай» әні, Сағатбек Медеубекұлының Шәкәрімнің сөзіне жазылған әндері де жүлдегер атанды.

Бұл байқау Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Рекомендуем

Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет
Не понял о чем идет речь


Результаты
Другие опросы

Всего голосов: 69


Случайные фото

Без названияВысотки по ул.Тауельсиздык, г.ТалдыкорганБез названияБез названия

Парнеры